Жаңалықтар

«Ұлт діңгегі - ұлттық киім »

18 наурыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлт діңгегі - ұлттық киім » атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Талдықорған қаласының № 4, № 5 орта мектептің оқушылары, INNOVERS SCHOOL және Жетісу облысы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева қатысушыларды ұлттық киім күнімен құттықтады. Іс-шараның мақсаты — кітап арқылы қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау, қазақтың киім кию үлгісін жаңғырту болып табылды. Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің бөлім меңгерушісі Ғалия Ешенова қазақ халқының киім үлгілерінен тұратын фото-галереяда ұлттық киімдердің түрлері, маңыздылығы, олардың жасалу жолы, киетін мезгілі туралы ақпарат берсе, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әлия Қанабек «Әз Наурыз» көрмесіндегі «Ұлттық киім &nd...
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.03.2024

«Халық дәстүрі – асыл қазына»

16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты мәдени іс-шара өтті. Кітапханашылар келген қонақтарды ұлттық киімдермен, ұлттық аспаптармен қарсы алып, «Әз-Наурыз» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Қонақтарды мерейлі мерекемен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов құттықтап, батыр баба ұрпағы Болысбай Момбаев сөз алды. Мәдени іс-шара барысында жазушы Ораз-Мұхаммед Исмаиловтың «Жалайыр Орақты батыр» кітабының тұсауы кесіліп, Қыдыр ата батасын беріп, «Шашбау тағу» дәстүрінен сахналық қойылым көрсетілді. Сондай-ақ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралақ «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қоғам қайраткері, Алматы облысы, Кербұлақ, Балхаш аудандарының құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков, Қоғам қайраткері, қ...
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.03.2024

«Әлемі бөлек ақындар»

15 наурыз күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Әлемі бөлек ақындар» тақырыбында мамандығы басқа ақындармен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің басты қонақтары ретінде ақын-аспапшы Азамат Нұрмұхан, ақын-кітапханашы Салтанат Құмархан және ақын-ұстаз Бейбарыс Өмірбай шақырылды. Сұхбат барысында ақындарымыз жастарға өздерінің ақындық өнерге қалай келгендігі туралы айтып, әр түрлі жанрдағы авторлық өлеңдерін паш етумен қатар, өмірбаянымен және еңбек жолдарымен таныстырып өтті. Кеш қонақтары басқа салада қызмет етсе де, ақындық өнерді қатар алып жүрудің еш қиындығы жоқтығын жеткізді. Себебі, адам баласы, жаны қалаған сүйікті ісімен айналысқан уақытта шабыты ашылып, өзін жақсы сезінеді. Кездесу кешінде ақындар жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылығы бар жастарға сәттілік тіледі.
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқбақпаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі өткізілді. Шара барысында жазушының өмірбаяны мен әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды, «Sara-Ce» дауыстап оқитын машинкасының көмегімен «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасынан үзінді тыңдатылып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан жазушы Бердібек Соқ­пақ­баевтың MP3,LKF, Брайль форматында жазылған басқа да кітаптарын оқып, тыңдай алатыны жайлы оқырмандарға ақпарат берілді.
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024

«Жетісу кітап керуені» Текелі қаласы

15 наурыз – Текелі қалалық кітапханасы «Жетісу-кітап керуені» жобасын жалғастыру және жергілікті ақын, композитор, жазушыларының шығармаларын насихатау мақсатында Алакөл аудандық кітапхансына 50-ден астам кітаптарын салтанатты түрде сыйға тартты. Шара соңында Алакөл аудандық кітапханасы Текелі қалалық кітапханасына өздерінің жергілікті жазушыларының 100 дана кітабын сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 115 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика